Реалити шоу «Startup «Bolashak»
Жанр: Реалити-шоу
Тілі: қазақ, орыс тілінде
Ұзақтығы: 40 минут
Көрсетілуі: аптасына 1 хабар, барлығы 8 серия
Студия жарыс элементтерінен тұратын «Startup «Bolashak» атты телевизиялық реалити-шоу дайындады. Жобаға өз кәсібімен айналысқысы келетін, жарқын идеялары мен бизнес-жоспарлары бар «Даму» қорынан грант алуға өтініш берген жастар қатысты. Реалити-шоудың идеясы – бизнес-жобасын дамытуға кімнің, қалай, не үшін қаражат алатынын қызықты және тартымды етіп көрсету; мақсаты – қолдау бағдарламалары туралы халыққа көбірек мағлұмат беру және іріктеудің әділ өтетінін қоғамға жеткізу.