"Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы"

Фильмнің қазақ тіліндегі нұсқасы «Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы» деген атауға ие болды. «Star Wars» франшизасының жетінші эпизоды - қазақ тіліне дубляждалған 13-ші голливудтық жоба. Тұңғыш рет қазақ тіліне дубляждау жұмыстары «Aray Media Group» студиясында жүргізілді.

Рольдерді дубляждауға республикалық театрлардың актерлері қатысты - Шахмұрат Ордабаев (Фин), Гүлназ Ауесбаева (Маз Каната), Сәуле Тұрдахунова (Рэй), Жасұлан Байсалбеков (Кайло Рэн), Бекболат Құрманғожаев (Хан), Бақытжан Жармұхамбетов (Генерал Ню), Самат Қордабаев (По), Тынышкүл Сұлтанбердиева (Лейла), Исламхан Зейнуллаев (Сноук).