«Ұлы дала ұлағаты»

Атауы: «Ұлы дала ұлағаты»

Жанр: деректі фильм

Шығарылым саны: 12 серия

Ұзақтығы: 25 минут

      «Qazaqstan» ҰТА тапсырысы бойынша біздің студия «Ұлы дала ұлағаты» көп сериялы деректі фильмдер топтамасын жарыққа шығарды. Жобаның идеясы: қазақ халқы үшін шоқтығы биік ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбек жолын, ел қазынасына айналған ұлы мұрасын, өнерін кеңінен насихаттау, өскелең ұрпаққа жеткізу. Бағдарламаны театр және кино актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ғани Құлжанов жүргізді.